Дымососты тазалау жұмыстары кезінде болған оқиға: екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды

Алдын ала мәлімет бойынша, дымососты тазалау жұмыстары барысында хлопок болып, оның соңы өртке ұласқан және конструкциялардың бір бөлігі құлаған.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр.
«Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр, салдарын жою жүргізілуде. Жан-жақты әрі объективті тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады. Компания қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмектің барлығы, соның ішінде материалдық және психологиялық қолдау көрсетіледі», — деп хабарлады «Қазцинк» ЖШС баспасөз қызметі.
Сонымен қатар уәкілетті органдар қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізіп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, рұқсат етілген нормадан аспайтын және қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген жергілікті шаң шығарындылары тіркелген.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


