Нөсер жаңбырдан кейін Алматы халықаралық әуежайын су басты

Алматыда жексенбі, 3 мамыр күні жауған қатты нөсер жаңбыр салдарынан Алматы халықаралық әуежайын су басты.
Желіде әуежай қызметкерлері тексеру және паспорттық бақылау аймағында су басудың салдарын жаппай жойып жатқан видео жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, су шатырдан тікелей ғимарат ішіне аққан.
Сондай-ақ телеграм-арналардың бірінде кіреберіс жолдардың су басқанын көрсететін фото жарияланды: кадрларда автокөліктің су ішінде қозғалып келе жатқаны көрінеді.


Әуежайдың баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.
«Қатты жауын-шашынның салдарынан Т1 және Т2 терминалдарының жекелеген аймақтарында шатырдан су өтуі тіркелді. Салдары 30 минут ішінде жедел түрде жойылды және рейстердің орындалуына әсер еткен жоқ», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылымға тексеріс жүргізіліп, себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау шаралары қарастырылып жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


