Шымкенттегі көпқабатты үйде төрт адамның қаза болуына алдын ала себеп аталды

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйде төрт адамның қаза болуына алдын ала себеп ретінде газ жабдығын орнату талаптарының бұзылуы қарастырылып отыр.
Авариялық-диспетчерлік қызметтің мәліметінше, үй орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға есептелгеніне қарамастан, үш пәтерде газ су жылытқыштары өз бетінше орнатылған. Сонымен қатар мұржалар қауіпсіздік ережелерін бұза отырып монтаждалған: құбырлар шатыр деңгейінен жоғары шығарылуы тиіс болғанымен, қабырға арқылы шығарылған.
Тарту күшінің болмауына байланысты жану өнімдері, оның ішінде көміртек тотығы (угарный газ), қайтадан үй-жайға қайтып кіруі мүмкін. Мамандар газдың желдету арналары немесе құрылыс саңылаулары арқылы пәтерлер арасында таралуы ықтимал екенін де жоққа шығармайды.
Оқиғаның түпкілікті себептері сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Еске салсақ, трагедия 3 наурызда Байтурсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Бір подъезден төрт адамның мәйіті табылған.
Нұрбек Рахманов, QazaqGaz Aimaq филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы: - Просто если есть какие-то отверстия между квартирами, может быть, угарный газ затянуло. То есть одна расположена на третьем этаже, другая – сверху, на четвёртом, и третья – рядом прямо, на четвёртом этаже тоже через стенку.


