Алматыда полиция заңсыз сыра өндіретін жерасты цехын анықтап, жойды

Алматыда полиция заңсыз сыра өндіретін жерасты цехын анықтап, оның жұмысын тоқтатты.
Полиция мәліметінше, жасырын цех жертөле бөлмесінде орналасқан. Онда алкоголь өнімін өндіруге арналған толыққанды өндіріс ұйымдастырылған. Тінту кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы қайнату жабдықтарын, сыра дайындауға арналған шикізатты, сондай-ақ дайын өнімді құю және сақтауға арналған ыдыстарды анықтады.
Заңсыз айналымнан шамамен 7 мың литр сыра тәркіленді. Сонымен бірге жабдықтар, кегтер және өнімді әрі қарай таратуға арналған тара да конфискацияланды.
Полиция жерасты цехынан түсірілген видеоны да жариялады. Кадрлардан өндіріс процесі, жабдықтар және дайын өнім көрінеді, оның ішінде белгілі ең көне неміс сыра маркасының таңбасы бар кегтер де бар.
Осы дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға және Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдауға бағытталған тексеру шаралары басталды.
Бұған дейін Екібастұзда өз үйінде самогон қайнатып, оны элиталық алкоголь ретінде көрсеткен ер адам анықталған болатын.


