Алматы халықаралық әуежайы терминал шатырының су басуына байланысты жауапкершілікке тартылды

Алматы халықаралық әуежайы терминал шатырының су басуына байланысты жауапкершілікке тартылды. Оқиға бойынша Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді.
Көлік министрлігінің мәліметінше, азаматтық авиация комитеті әуежайға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдады.
Оқиғадан кейінгі кадрлық шешімдер Әуежай басшылығы да жағдайға жауап қатты. Техникалық мәселелер жөніндегі аға вице-президент Мехмет Гюзельге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.
Бұзушылықтарды жою жұмыстары Әуе айлағының әкімшілігі жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нақтылай айтқанда, барлық қажетті шаралар жедел режимде іске асырылуда. Су басудың себептерін толық жою алты ай ішінде жоспарланып отыр.
Көлік министрлігі мұндай жағдайлар қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті. Ведомство азаматтық авиация саласындағы заңнаманың сақталуына және авиациялық инфрақұрылымның тұрақты жұмысына қатаң бақылау орнатуға ниетті.
Еске салайық, жексенбі күні, 3 мамырда қалада өткен қатты нөсер жаңбырдың салдарынан Алматы әуежайын су басты. Кейін желіде әуежай қызметкерлері тексеру және паспорттық бақылау аймағында су басудың салдарын жаппай жойып жатқан видео жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, су шатырдан тікелей ғимарат ішіне аққан.


