2026 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 114 млрд теңге жәрдемақы төленді
2026 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға жалпы сомасы 114 миллиард теңге жәрдемақы төленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылға арналған жәрдемақылардың өзекті мөлшерлерін атады.
Министрлік көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыға табысына қарамастан, бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар үміткер бола алатынын еске салды.
2026 жылы көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақы мөлшері бала санына қарай мынадай:
- 4 баласы бар отбасыларға — 16,03 АЕК, немесе 69 330 теңге;
- 5 баласы бар отбасыларға — 20,04 АЕК, немесе 86 673 теңге;
- 6 баласы бар отбасыларға — 24,05 АЕК, немесе 104 017 теңге;
- 7 баласы бар отбасыларға — 28,06 АЕК, немесе 121 360 теңге;
- 8 және одан көп баласы бар отбасыларға — әр балаға 4 АЕК, немесе әр балаға 17 300 теңгеден.
Министрлік сондай-ақ наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, сондай-ақ бұрын «Мать-героиня» атағын алған, «Материнская слава» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған аналарға тағайындалатынын атап өтті.
Наградталған анаға ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері:
- «Күміс алқа» алқасымен марапатталғандарға — 6,40 АЕК, немесе 27 680 теңге;
- «Алтын алқа» алқасымен марапатталғандарға немесе бұрын «Мать-героиня» атағын алған, «Материнская слава» I және II дәрежелі ордендерімен наградталғандарға — 7,40 АЕК, немесе 32 005 теңге.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларға арналған барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға көтерілген.
Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанда және көрші елдерде қандай жәрдемақылар мен төлемдер бар екені туралы материал жарияланған.
Оқыңыз: 2026 жылы мемлекеттен әлеуметтік төлемдер: кімге беріледі және өтінішті қалай беруге болады


