Астанада Ұлттық музейде Äiel Tizginde республикалық көркем көрмесі ашылды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Äiel Tizginde республикалық көркем көрмесі ашылды. Экспозицияда заманауи қазақстандық қоғамдағы әйелдің рөліне арналған 200 жұмыс ұсынылған. Бұл туындылар елдің барлық өңірінен түскен 1000-нан астам өтінімнің ішінен іріктелген. Көрменің бастамашысы — қазақстандық автомобиль компаниясы Allur.
Өтінім қабылдау 22 қаңтарда басталып, бір ай ішінде жоба тақырыбына қоғам тарапынан жоғары қызығушылық барын көрсетті. Қатысушылар географиясы бастаманың ұлттық ауқымын айқындады: қазақстандық авторлардың жұмыстары әлемнің 26 қаласынан, соның ішінде Тулуза (Франция), Манила (Филиппин) және Рим (Италия) қалаларынан келіп түсті. Компания мәліметінше, бұл жоба аясындағы мәдени диалогты кеңейтіп, оның халықаралық өлшемін айқындады.
Іріктеуді кәсіби қазылар алқасы жүргізді. Оның құрамында өнертанушы әрі профессор Ольга Батурина, суретші Айя Шалкар, фотограф Оспан Али, Қазақстан өнер сыншылары гильдиясының төрағасы Ефрат Имамбек және басқа да мамандар болды. Сараптамалық бағалау нәтижесінде финалдық экспозицияға кескіндеме, фотография және инсталляция жанрларындағы жұмыстар енді.
Äiel Tizginde тарихы 2024 жылы басталды. Ол кезде көрме өмірі қозғалыс пен жолмен байланысты әйелдерге арналды: автобус жүргізушісі, броневик жүргізушісі, тікұшақ ұшқышы, автожарысшы, ана. Жоба әйел бейнесін жол, жылдамдық және күнделікті жауапкершілік категориялары арқылы зерттеді. 2025 жылы бастама көркем тұрғыда дамып, әйел образдарына арналған белгілі қазақстандық авторлардың жұмыстары және классикалық сюжеттерді қайта пайымдайтын фоторемейктер ұсынылды. 2026 жылы жоба ұлттық деңгейде үн қатқан ашық республикалық конкурс форматына ауысты.
Allur компаниясының өкілі Рысты Асенованың айтуынша, индустрия мен өнер арасындағы байланыс алғашқы қарағанда көрінгеннен тереңірек.
«Казалось бы, автомобильная компания и творчество – где между ними связь? Но если смотреть глубже, автомобиль – это больше, чем средство передвижения, это неотъемлемая часть повседневной жизни людей. Развивая промышленность, мы неизбежно участвуем в формировании городской, социальной, культурной среды. Для Allur важно создавать экосистему, в которой получают импульс образование, культура и общественный диалог. Äiel Tizginde вносит вклад в развитие культурного кода современного Казахстана и поддерживает авторов, формирующих образ времени», – подчеркнула она.
Көрменің ашылуы конкурс кезеңінің қорытынды нүктесіне айналды. Суретшілер, өнер қауымдастығының өкілдері, өнертанушылар, журналистер және инфлюенсерлер қатысқан шарада жобаның лауреаттары жарияланды. Жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрады, оның ішінде 1 000 000 теңге бірінші орын алған жұмыс авторына берілді. Кештің атмосферасын Temple эксперименталды бары командасы дайындаған авторлық коктейльдер толықтырды.
Жобаның бөлек бөлігі ретінде, Allur атап өткендей, көрермен көзайымы жүлдесі де қарастырылған. Көрме келушілері музей кеңістігінің өзінде ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған туынды авторы арнайы марапатқа ие болады.
Äiel Tizginde көрмесі Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде наурыз айының соңына дейін ашық болады. Экспозиция алтыншы қабатта орналасқан және барлық келушілерге жалпы кіріс билеті аясында қолжетімді.


